МӨЛДІР АЙТБАЙДЫҢ «ЖАУАБЫ»
«Кітап – қазына» бағдарламасының мақсаты – кітап оқу үрдісін кең көлемде насихаттау әрі соңғы жылдары елімізде жарық көрген кітаптарға шолу жасау. Бағдарламаның концепциясы бойынша, студияға келген қонақ өзіне ерекше әсер еткен, сүйіп оқитын төрт кітап әкеледі және жүргізуші екеуі аталмыш кітаптардың ерекшелігі мен артықшылығын талқылайды. Студияға келген қонақ әкелген кітаптарын бағдарлама қоржынына өткізеді. Шығармашылық топ барлық кітапты "Әдебиет" порталының кітапханасына өткізуі тиіс. Осылайша «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясын қолдаймыз. Бағдарламаның бүгінгі қонағы – ақын Мөлдір Айтбай. 00:00-00:52-аңдатпа 00:52-2:00-амандасу, қонақты таныстыру 02:00-7:48-Мөлдір Айтбайдың бала күнінде оқыған кітаптары 7:48-9:47-Мөлдірдің ақындық қабілетіне ықпал еткен әңгіме 9:47-15:26-Үміт Яшар Оғузжан мен Иран Ғайыптың шығармашылыққа әсері 15:26-20:33-Күләш Ахметованың нәзік әлемі 20:33-24:41-Дэниел Киздің «Цветы для Элджернона» шығармасының айтпақ ойы қандай? 24:41- 27:17-Смағұл Елубай «Ақ боз үй» 27:17-31:52-Мөлдір Айтбайдың «Кітап-қазынаға» берген сыйы 31:52-37:00-Қазақ поэзиясындағы қыздардың әлемі 37:00-42:46-Мөлдір Айтбай және балалар поэзиясы 42:47-45:30-«Мен сүйсем, осылай, сүймен шынымен» 45:30-46:42-қоштасу #әдебиетпорталы #кітап #қазына #мөлдір _____________________________________________________________________ Әдебиет порталы Ресми сайттың сілтемесі: https://adebiportal.kz/kz/news
Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз: Instagram - Facebook - Tik Tok -