КТК: Қазақстан жаңалықтары 22.07.2025
Жүргізуші: Әйгерім Асқарқызы (Instagram: / aigerimaskarkyzy_ktk ) ТҮГЕЛ ТӘРКІЛЕМЕК! Алаяқтық жасады деп істі боп жатқан Перизат Қайрат пен оның анасына прокурор қандай жаза сұрады? Құзырлы орган күдіктінің коттеджінен бастап, қымбат аяқ киіміне дейін тәркілеп алуды талап етті. ҚҰПИЯ ЖОЛЫ Жарты шақырым туннель қазып, Өзбекстанға мұнай өнімдерін тасымалдаған. Жерасты жолымен бизнес жасаған халықаралық қылмыстық топ құрықталды. ТЫҚЫР ТАЯНДЫ Шетелге ІТ мамандарынан бастап, құлпынай теретін жұмысшы керек деп елді алдап соғатын агенттіктер тексерілмек. Өзге елде табысты жұмыс тауып береміз дейтіндер лицензиясыз жұмыс істей алмайтын болады. КІШКЕНТАЙ ӨЗГЕРІС Адамның суретінің жанына барыстың суреті басылады. Қазақстандық төлқұжатқа өзгеріс енгізіліп жатыр. #ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары