400МРП грант Бизнес план 2025
2025 жылы 21 мамырдан бастап грант қабылдау басталады! Құрметті достар, биыл да жаңа бизнес-идеяларға арналған 400 АЕК көлеміндегі (шамамен 1 476 800 теңге) мемлекеттік гранттар беріледі. Бұл – өз ісін бастағысы келетіндер үшін үлкен мүмкіндік! Қандай салаларға беріледі? Грант мынандай мақсаттарға беріледі: қажетті құрал-жабдықтар алу (мысалы, тігін машинасы, тоңазытқыш, станоктар); технологиялық жабдықтар; мал, құс, көшет, тұқым сатып алу; орын-жайды жалға алу. Грант берілмейтін бағыттар: тұтынушылық мақсаттарға (телефон, жиһаз алу сияқты); несие жабуға; үй немесе жер сатып алуға; акцизделетін өнім (темекі, алкоголь) өндіруге. Қандай салада ұтып алу мүмкіндігі жоғары? 2025 жылы келесі салаларда грант ұтып алу мүмкіндігі өте жоғары: 1. Ауыл шаруашылығы Мал өсіру, құс шаруашылығы, бақша егу — үнемі сұраныста. Мысалы, ауылда тұратын көпбалалы ана өз грантына 10 бас қой сатып алып, сүт өнімдерін өндіруді бастап кетті. 2. Азық-түлік өндірісі Үй жағдайында жасалатын жартылай фабрикаттар, тіскебасарлар — мектептер мен дүкендермен келісімшарт жасауға жол ашады. 3. Эко-бизнес Қайта өңделетін өнімдер, экологиялық таза тауарлар — трендте! Қазір халық табиғи өнімдерді көбірек таңдайды. Грантқа өтінім қалай беруге болады? 1. business.enbek.kz сайтында тіркелу; 2. Грант талаптарына сай екеніңізді тексеру; 3. Бизнес-жоспарды дайындап, порталға жүктеу; 4. Электронды қолтаңбамен (ЭЦҚ) өтінімге қол қою. Көмек керек болса – пікірге жазыңыз немесе Instagram-ға хабарласыңыз: @sandu_salihatkyzy / 87088187993. https://l.clck.bar/aabce4
ватцапқа ссылка