АУЫЛДАҒЫ «ҚОШ КЕЛДІҢ ӘЗ – НАУРЫЗ» МЕРЕКЕСІ
Наурыз думаны ауылдарда да жалғасын тапты. Байзақ ауданына қарасты Мәдімар ауылында киіз үйлер тігіліп, алтыбақан құрылды. Еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін осы қуаныш төрінен табылды. Ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлер жаңғырып, дүйім ауыл жұртының бір дастарханға түгел жиналуына себепкер де өздері. Әкімдік шарасынан өзгеше, кең көлемде өткен мереке жайлы материалда.