G
enby!

«Жошы ұлысы» деректі фильмі

Жошы ұлысының 800 жылдығы. Жошы ұлысы – орта ғасырда Орталық Еуразияны талассыз билеген алып мемлекет. Қазақ мемлекеттілігінің бастауын осы ұлыстың іргесі қаланған кезеңнен бастау әділеттілік болар еді. Соңғы жылдары ғана бұл туралы жан-жақты айтыла бастады. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттілігіміздің тамыры тым тереңде жатқанын әйгілейтін осы айтулы датаға орай кең ауқымды зерттеулер қолға алынатынын жеткізген болатын. Осы бағыттағы ізденістерді телевизия тіліне түсірудің де маңызы зор. Соған орай фильм Жошы – қазақ хандарынын атасы, ал Жошы ұлысы - қазақ мемлекеттілігінің бастауы екенін дәлелдеуге бағытталады. Осылайша бұл көрерменнің тарихи сана көкжиегін кеңейтіп, отаншылдық сезімін нығайтуға септеседі. #жошыұлысы #жошыхан #деректіфильм #қазақстантарихы #қазақтар #ұлытұлға #қайраткер #қазақхандығы #ұлттықтіл #қазақтілі #хабар #хабардеректіфильм #танымалконтент #жошы

Смотрите также