G
enby!

Әлмерек Абыз кесенесі.Талғар ауданы,Покровка ауылы.

іздеп келген талай бейбақты көрдім. Бала көтере алмай жаны әбден қысылған бір келіншек келіп тілеу тілеп жүріп, егіз балалы болды. Сонау Ақтаудан бір кәсіпкер жігіт келген. Жұмысына барса, аяқ-қолы жансызданып қалады екен. Біреу «Райымбек батырдың басына бар» деген кеңес беріпті. Соны естіп Алматыға келсе, ол жерде бір кісі «алдымен Әлмерек атаға зиярат қыл» депті. Сөйтіп осында келіпті. Кейін құлан таза жазылып, қызметіне оралды. Тағдырдың теперішін көріп, жағдайы тығырыққа тірілген тағы бір келіншек осында келіп, тәу етіп, тілеу тілеп жүрді. Қазір ол да оңалды. Жалпы, Әлмерек атаның қасиетіне талай куә болдық қой. Өзіме де шапағаты тиді. Осында отырғалы балаларым мен немерелерімнің барлығы өмірде өз орнын тапты», – деді апа. Басына іс түскен, күрмеуін шеше алмаған кісі әулиенің басына зиярат жасап, тәңірден тілек тілеу сан ғасыр қалыптасқан дәстүрлі ата дінімізде бар салт. Рухани темірқазығымызға айналған Әлмерек абызға арналған кесене Алматыдан 30 шақырым жерде, Талғар ауданы Покровка елді-мекенінде тұрғызылған. Көк күмбезі алыстан көрінетін әулиелі жер ағашы көп, жап-жасыл болып жадырап жатқан жазық дала. Кесене биіктеу жерде. Оған жету үшін өзен үстіндегі көпірден өтіп, келушілерге қолайлы етіп темірден төселген сатымен көтерілесің. Ені бес метрдей Үлкен Алматы өзенінің жалғасы саналатын өзен арнасы иір-қиыр жазуға айналып кететіндей. Баба басына зияраттай келген кісілердің сөзінше, ол арабша «Алла» деген жазуға ұқсайды екен. Байқаған адамға ол да бір Құдырет. Шапағат пен шипа Әлмерек атаның басына тұрғызылған кесененің ар жағында қорым көрінеді. Онда атаның ұрпақтары мен туыстық және басқа да жақындығы бар кісілер жерленген. Бергі жағында шырақшылар тұратын, зияратшылар мейман боп кіретін үлкен үй тұрғызылған. Одан ары өздігінен жерді жарып шыққан бес қасиетті бұлақ бар. Әр бұлақ өзіндік қасиетке ие: ең бірінші орналасқан бұлақ суының құрамында ауыр металл жоқ. Есесіне, күміс көп. Сонысымен небір дертке дауа екен. Келесі бұлақтың құрамында магнит басым болғандықтан, қйынған адамның бойындағы ауыртпалықты сылып алады екен. Әдетте, келушілер ол бұлақтан 3 немесе 7 шелек су құйынады. Бұлардан бөлек келесі бұлақ суы көз ауруына дауа көрінеді. Міне, осылайша, әр бұлақ суының белгілі бір шипалық қасиеті бар. Бұлақтардың ортасында жуандығы кісі құшағына сыймайтын биік те бұталы келіншекталдың жер бетіне шығып жатқан тамырларын баспаған дұрыс деп жатады ел. Ағаштың саясындағы отырғышта зияратшылар тілеу тілеп отырады. Бұлақтың мұздай әрі мөлдір суы қайнағандай көтеріліп, көпіршіктеніп жатады. Бұлақ суының көпіршуі ниеттеніп, қол жайған кісінің тілеуі қабыл болғанының белгісі деген де сенім бар. Қай күні барсаң да, Әлмерек бабаның басына келушілердің аяғы үзілмейді. Қазақ тарихында өзіндік орны бар, қайраткерлігі мен ілімі әлі де болса, толық ашыла қоймаған Әлмерек бабаның тұлғасы зерттеуді қажет етеді.

Смотрите также