G
enby!

Үшбірлікті Құдайдың Өзі – бізге Киелі Рух арқылы берілетін Өмір.

Өмір – Құдайдың Өзі, Мәсіх – Құдайдың Өзі, Өмір- Мәсіхтің Өзі. Рухымызға Өмірді қабылдағанымыз – рухымызға Құдайды қабылдағанымыз, дәл солай рухымызға Өмірді қабылдағанымыз – рухымызға Мәсіхті қабылдағанымыз. Құдайдың өмірін көрсете өмір сүру дегеніміз – Мәсіхтің Өзін көрсете өмір сүру дегенді білдіреді. Дәл осылай, Мәсіхтің өмірін көрсете өмір сүру дегеніміз - Құдайдың Өзін көрсете өмір сүру дегенді білдіреді. Құдайдың Өмірі адамзатқа Мәсіх арқылы берілді. Мәсіхтің Өмірі арқылы адамзатқа Құдай толық ашылды. Құдайдың бүкіл болмысы Мәсіхтің бойында. Мәсіхті қабылдаған Құдайды қабылдайды. Мәсіхтің Өзі Өмір. Бауырларым рухымызда Мәсіх арқылы Құдайдың Өзі бар, Құдайдың Өзін әрі Құдайдың Өмірін рухымыздағы Мәсіх арқылы көрсетіп өмір сүруімізе барлық мүмкіншілік бар. Өйткенні Құдайдың бүкіл болмысы рухымызға қабылдаған Мәсіхтің бойында! Неткен ғажап, неткен керемет Құдайдың Ақылы мен Даналығы! 3. Киелі Рухтың Өзі - Өмір. Үшбірлікті Құдайдың Өзі – бізге Киелі Рух арқылы берілетін Өмір. (Жохан. 6:63) “ Шынайы өмір Беруші — Киелі Рух, ал тән бұған еш жарамайды. Сендерге айтқан сөздерім арқылы рухани өмірге ие бола аласыңдар.”. Жохан. 7:38-39 Кім Маған сенсе, (келіп, шөлін қандырып су ішсін!) Киелі жазбаларда бұл туралы мына тәрізді сөздер айтылған: оның жүрегінен өмір беретін «су» тасқындап ағады, — деді.39 Иса бұларды Киелі Рух туралы айтты; Оны Исаға сенгендер кейінірек қабылдады. Құдай Исаның ұлылығын адамдарға әлі білдірмегендіктен, Өзінің Киелі Рухын сенушілерге әлі де қондырмаған еді. (Жохан. 14:16-17) « 16 Мен көктегі Әкемнен сендермен мәңгі бірге болатын Қамқоршыны жіберуін өтінемін,17 Ол — шындықты білдіретін Киелі Рух. Осы күнәкар дүние Киелі Рухты қабылдай алмайды, себебі Оны көрмейді әрі білмейді. Ал сендер Оны білесіңдер, өйткені Киелі Рух сендермен бірге тұрып, жан дүниелеріңнен орын алады. ». (2 Кор. 3:6) “ Ол бізді жазылған заңдарға емес, Киелі Рухына негізделген Жаңа Келісімге сай қызмет етуге қабілетті қылды. Жазылған заңдар рухани өлім әкеледі, ал Киелі Рух шынайы өмір сыйлайды.”. (1 Кор. 15:45) “ Тауратта осылай деп жазылған: Алғашқы адам — Адам ата «осылай тірі жан болып шыға келді», ал «Соңғы Адам» (Мәсіх) — мәңгілік өмір беретін Рух ”. (Рим. 8:2) Себебі Мәсіх Исадағы өмір Рухының заңдылығы мені күнә мен өлімнің заңдылығынан босатты. . 4. Үшбірлікті Құдайдың Өзі – бізге Киелі Рух арқылы берілетін Өмір. Құдай Үшбірлікті Құдай – Әке, Ұл және Рух. Әке -Ұлында, Ұл - Рухта. Әке Ұлында адамзатқа көрінді, сондықтан Ұл - Әкенің көрінуі. Ұл Рух ретінде адамға енеді, сондықтан Рух – адамға енуші Ұл. Әке – Өмір бұлағы, Өмірдің Өзі. Ұл – Әкенің көрінуі болғандықтан, Ол тағы да Өмірдің көрінуі. Әрі Рух – адамға енуші Ұл болғандықтан, Ол тағы да адамға енуші Өмір. Бастапқыда Өмір Әке, кейін Ол Ұлында адамға көрінді, ал Рух ретінде, адам Оны өмірінен өткізіп сезсін деп, адамға еніп тұр. Осылай Рух Өмір Рухы болып тұр. Рух – Өмір Рухы болғандықтан, адам Рух арқылы өмірді қабылдай алады, әрі адам назарын Рухқа аударған кезде, оның рухы өмірге толады. Ендеше Өмір – бұл Үшбірлікті Құдай. Біз үшін Үшбірлікті Құдайдың Өмірі – бұл үшбірлікті Құдайдың ағымы. Үшбірлікті Құдайдың ағымы дегеніміз – Үшбірлікті Құдайдың болмысындағы құрамдас бөлшектерінің ағымы, біз оны Өмір ретінде қабылдай алуымыз үшін, алдымен Мәсіх арқылы ағып, одан соң Рух ретінде ақты. Осылай Құдайға Мәсіхте Рухтай қол жеткізе, біз Өмірге қол жеткіземіз, өйткені Өмір – бұл Құдай Мәсіхте Рухтай.

Смотрите также