G
enby!

Бүйректің фиксациялық аппараттары және ішкі құрылысы

Бүйректердің өз орындарында бір қалыпты деңгейде орналасуының маңызы зор. Өйткені, бүйректер майлы қабықпен қоршалып бос жатады, сондықтан, бүйректер әлсіз бекіген ағзалар қатарына жатады. Нашар бекігендіктен қозғалмалы келеді, мұндай жағдайда бүйректің төмен түсіп кетуі байқалады. Бүйректің қалыпты бір деңгейде орналасуы мына факторларға байланысты: бүйрек орнына, белдің үлкен бұлшықеті(m. psaos major) мен белдің шаршы бұлшықеті (m. quadratus lumbarum) түзілген; бүйрек аяғына: бүйрек кантамырлары, нервтері, лимфа тамырлары және бүйрек түбегі немесе несепағар; ішастар байламдарына; іш қуысы, көкет, шаттың бқошықеттерінің жиырылуы нәтижесінде пайда болған құрсақтық қысымға; бүйрек қабықтары, әсіресе бүйрек шандырына; ішкі мүшелермен тығыз жанасып орналасуына байланысты. Бүйректің фиксациялық аппаратының күрделігіне қарамастан, тыныс алу кезінде 2-5 см ауытқуы байқалады.

Смотрите также