Қайрат Байбосынов "Балқан таудың бауырында" (Ш.Әлдибекұлы-І.Жақанов)
Сөзі: БАЛҚАН ТАУДЫҢ БАУЫРЫНДА Сен – Балқанда, мен – мұнда, ара қашық, Сағынышым күн сайын барады асып. Мақпал кештер кетіпті-ау тым алыстап, Сағым қуған жылдармен араласып. Мен кеткенде Балқанда көктем еді, Бел-белестер құлпырып көктеп еді. Жадыратқан жанымды лебің болып, Жібек желі Арқаның өпкен еді. Балқан таудың бауырына ұзап барып, Қос көңілден жүруші-ек сыр ақтарып. Асыл еркем, өткеннің белгісіндей, Жүрегімде қалыпты шырақ жанып.