G
enby!

«Темір генерал» атанып кеткен Сабыр Рақымов туралы не білеміз?

Өзбекстанның тұңғыш генералы – Сабыр Рақымов. Даңқты қазақ батырын қазір ел таниды. Сабыр Омарұлы Отан соғысы жылдары өшпес ерлік көрсетіп, жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосты. Ол майдан даласында 37-гвардиялық дивизияны басқарып, Польша жерін азат етуге қатысқан. Бірақ жеңіске 1,5 ай қалғанда жарақат алып, қаза табады. Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты батыры Сабыр Рақымов Түркістан облысы Қазығұрт ауданында дүниеге келген. Ерте жасында әкесінен айырылып, нағашы жұртында, өзбек жерінде өсті. Сол жақтан майдан даласына аттанып, жаһан жұртына қауіп төндірген фашистік Германияға қарсы соғысты. Өшпес ерлік көрсетті. Академик Қалдыбек Сейданов Сабыр Рақымов екі елдің ғана емес, жалпы Орталық Азияның мақтан тұтар батыры дейді. Сталиннің өзі «Темір генерал» деп атауы бекерден бекер емес. Себебі Сабыр Омарұлы сұрапыл соғыста өзінің ерекше қабілеті мен қайсарлығын көрсеткен дейді. «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: http://bit.ly/31WnObW
Біздің сайт - https://24.kz
Facebook -   / tvkhabar24   Instagram -   / tvkhabar24   Telegram - https://t.me/tvkhabar24
Twitter -   / tvkhabar24   Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24

Смотрите также