АСПАНҚОРА l ЖҰМАБАЙ ШАШТАЙҰЛЫ
Жұмабай Шаштайұлының тағы бір ғажап шығармасын тыңдаңыздар. Жазушының жастау кезінде жазған "Аспанқора" повесін көргенде әдебиетші ғалым Рымғали Нұрғали "осындай 10 әңгіме жазсаң тарихта қаласың" депті авторға. Қаламдас ағасы Мұхтар Мағауин осы шығарманы оқыған соң "үлкен жазушының елесін" көріпті.