G
enby!

Денсаулық және емдік медитациясы. Медитация на здоровье и исцеление.

Медитацияны бастауға бірнеше себеп: 1. Ұйқы жақсарады. Ұйықтар алдында медитация жасасаңыз ағзаны ұйқыға, демалуға дайындайсыз. Күнделікті жұмыс пен көңіл-күйге ұйқының нашарлығы әсер етеді. Сондықтан медитация жасап, ұйқыны жақсарту күндіз жайдары, жеңіл жүруіңіздің кепілі. 2. Жүрек ауруларының алдын алады. Соңғы зерттеулер нәтижесі бойынша медитация жүрек ауруы, инсульт, жүрек ауруынан өлім қаупін 50 пайызға азайтады. Күніне 15-20 минут жасалған медитация жүрек саулығын 47 пайызға жоғарылатады. Демек өміріңіз де ұзарады. 3. Күйзелістен арылтады. Әдетте күйзелістен құтылу үшін дәрігерлер сан түрлі қымбат дәрі-дәрмек жазып береді. Ал медитация біріншіден – тегін, екіншіден – пайдалы. 4. Сенімділік ұялатады. Өзіне сенбейтін, өзін бағаламайтын жандар медитация жасау арқылы өзгереді. Себебі оның көмегімен қорқыныш, абыржу, стресстен құтыласыз. Ал ол өз алдына өзіңе деген сенімділікті көбейтуге септігін тигізеді. Медитацияны қалай жасау керек? 1. Алдымен лайықты бір жер тауып алыңыз. Тыныш, ыңғайлы жер табыңыз. Ол жер тегіс болуы қажет. 2. Демалу. Деміңізді қадағалаңыз. 3. Шыдамды болу. Санаңыз сізді сан түрлі әдістер арқылы алаңдатуға тырысады. Яғни, егер қолыңыз не басыңыз қышыса, терең дем алып, шыдауға тырысыңыз. Медитация бірден өз нәтижесін көрсететінін күтпеңіз. Сабырлы болыңыз. Кез келген нәрсе уақытты талап етеді.

Смотрите также