G
enby!

Нұрым Асқанов - Соқыр қыз (Білек)

Жолаушы атың семіз желетұғын, Көз бар ма мен байғұста көретұғын. Шамшырақ екі көзден айырылған соң, Құрбы жоқ шақырсам да келетұғын. . Ішінде көп жылқының аласы едім, Әкемнің қоңыр қаздай баласы едім. Шамшырақ екі көздің бар шағында, Қызымен Үшананың талас едім. . Ғарифолла Құрманғалиевтың айтуымен жеткен деректе былайша баяндалады: «Соқыр қыз» Білектің әні. Руы – Байұлы, оның Қызылқұрты. Ол ақын болған, әрі әнші, домбырашы болған. Өзі сұлу болған. Жасында шешекпен ауырып, екі көзі қалады. Осы қиын халін зарға қосады. Содан «Соқыр қыздың әні» аталып кеткен екен халық арасында. Тарихшы Хамит Маданов «Кіші жүздің шежіресі» атты еңбегінде былай деген: «Қызылқұрттан – Аманша, Жақсылық... Аманшадан – Әлікей. Әлікейден – Соқыр. Соқырдан – Барлыбай, Балтабай, Қара. Құрманғазы Сағырбайұлы – Барлыбайдың ұрпағы... Аты әйгілі болған ақын қыз Білек – Балтабай ұрпағы». Демек, Білек пен Құрманғазы немере ағайын. Әдебиетші ғалым Қабиболла Сыдиқов құрастырған «Ақберен» деген жинақта: «XIX ғасырдың II жартысында айтыс өнерінде танылған ақындардың бірі – Білек Тұмарбайқызы», – делінген. Кітапта одан әрі Білектің Өтебай ақынмен айтысы берілген. Білек сөз қағысу үстінде: «Тіл шешен, көңіл есен, атым – Білек, Айрылдым жиырмада көзден жүдеп...» – деп өз жайын айтып өтеді. Кезегінде Өтебай: «...Болғанда елің – Ерші, құмың – Жиделі, Жүр едің Казармада не қылып-ай?»– десе, Білек: «Он бірден бері қарай сөйледім-ай, Той болса сөзге бәйге бермеді-ай. Қоянда кімдер кетіп, кім қалмаған, Ағайын-тумамды іздеп келгені-ай», – деп жауап қайтарады. Осы сөздерден Білектің Қызылқұрт руының Ерші аталығынан екенін, туған топырағы Жиделі екенін аңғарамыз. Жиделі құмы – Атырау мен Батыс Қазақстан облыстары шекараларының тоғысқан маңы. Білек «Жұт қоян» жылында Казармаға, яғни, қазіргі Жаңақалаға қоныс аударған.

Смотрите также