G
enby!

Шымкентте балаларын жаңа мектепке орналастыра алмай жүрген ата-аналар шу шығарды

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Бүгінгі шығарылымда: Шымкентте балаларын жаңа мектепке орналастыра алмай жүрген ата-аналар шу шығарды. Себебі, үйдің жанындағы білім ошағы оқу жылы басталмай жатып толған. Тұрғындар директор өзге ауданның ұл-қыздарын қабылдап, бізді назардан тыс қалдырды деп қапалы. Ал білім ошағының басшысы өзіне шаң жуытпады. Тараптарды өңірдегі әріптесім Назерке Үкібасова тыңдады. Шымкенттегі ата-аналар балаларын мектепке беру үшін таңғы бестен бастап кезекке тұрған. Бірақ, одан нәтиже болмапты. Өйткені биыл қаңтар айында ғана ашылған нөмірі 143-і білім ұясы жаңа оқу жылына жетпей толып қалған. Қабылданған балалардың көбі басқа ауданның тұрғындары дейді ашулы топ. Тұрғындар "Тұран-2" ауданына биыл көшіп келген. Мемлекеттік бағдарламамен баспаналы болып қуанған жандар мектепке орналасудың машақатын білмедік деп қынжылады. ЗАМИРА БАЙЗАҚОВА. Шымкент қаласының тұрғыны: Көшіп келдім жақында. Баламды орналастырайын десем, орналастыра алмай жатырмын үш баламды. 144-ке барса, ол жақ біздің аумаққа қарамайды дейді. Бұл жаққа келсек адам саны шектеулі уже. Біз 1-сыныпты ғана аламыз деп тұр бұл жерде. 5-9 оқитын балаларымызды қайда жібереміз? ГҮЛМИРА БАЙЖАНОВА, Шымкент қаласының тұрғыны: Екі ай аэропорттағы мектепке тасыдым. Өзім сол жақтан көшіп келгенмін. 6 балалы анамын. 1-сыныпқа келгенде де екі ай жүрдім құжат тапсыра алмай. Қабылдамаймыз орын жоқ, орын жоқ. Местожительство осы жерде. Бірақ, мектеп қабылдағысы келмейді. Қалай сонда? Білім ошағының басшысы мектеп ашылған уақытта оқушыларды мекен-жайына қарап таңдауға мүмкіндік болмағанын жасырмады. Енді директор басқа ауданнан қабылдап алған балаларды шығара алмайтынын ашық айтты. Дегенмен, мәселені шешуге тырыспақ. МИРА СҮЛЕЙМЕНОВА, №143 мектептің директоры: Мен қазір толық мынанша оқушы қамтимын деп айта алмаймын. Өйткені біз жоспарлағаннан бірінші сыныптың көп болуына байланысты бірінші сыныпты нақты қабылдап болғаннан кейін қанша орын бар екенін ата-анаға жариялаймыз және сол оқушыларды қабылдап, 2400-ге дейін оқушы ала аламыз. Ал балаларын үйінің жанындағы жаңадан ашылған мектепке бере алмаған ата-аналар білім басқармасынан көмек сұрап отыр. Себебі, көпбалалы аналар ұл-қыздарымызды басқа ауданға тасу оңай емес дейді. --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также