Бестеректегі жол апаты: зардап шеккен қыздың миына күрделі ота жасалып жатыр | Қазақстан жаңалықтары
Абай облысында болған жол апатынан зардап шеккен балалардың жағдайы туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады. Облыстық және республикалық деңгейдегі мамандардан құралған мультидисциплинарлы бригада қажетті тексерулер жүргізіп, балалардың жағдайына баға берген және ота жоспарын дайындаған. Қазір ауруханада үш бала жатыр. Оның біреуінің жағдайы – аса ауыр, екеуінікі – тұрақты ауыр деп бағаланған. Олардың ішінде бас-ми жарақаты, тірек-қимыл жүйесі мен ішкі ағзалар зақымы бар екені анықталды. Министрліктің мәліметінше, жағдайы тұрақтандырылған соң науқастарды әуе көлігімен Астанаға жеткізу мәселесі қарастырылады. «Қазір бір науқасқа нейрохирургиялық күрделі операция жасалып жатыр. Еске салсақ, кеше түнде Бестерек ауылында көлік жүргізушісі алты баланы қағып кетті, салдарынан үшеуі оқиға орнында көз жұмды. Қазір бұл дерек бойынша тергеу жүргізілуде. • Енді WhatsApp қолдануға болмайды: шектеу қ... • Жаңалықтар Наши социальные сети: Telegram Qaz - t.me/atamekenbusiness_qaz Telegram Rus - t.me/atamekenbusiness Telegram Sport - t.me/atamekenbusiness_sport Telegram Auto - t.me/atamekenbusiness_auto Telegram Silk Way - t.me/atamekenbusiness_silkway Instagram - / atameken.business Instagram - / inbusinesskz Facebook - / atamekentv.kz Facebook - / inbusiness.kz Tik-Tok - / atamekenbusiness «Atameken Business» online: https://inbusiness.kz/ru/tv
Cайт - https://inbusiness.kz
#AtamekenBusiness #Inbusinesskz #НовостиКазахстана #digest #қазақстанжаңалықтары #atamekenbusiness #новости