Жетісайда «Азаппен өлген» келіншектің денесі ауылдасының ауласынан табылды
Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылында 38 жастағы Әйгерім Әжекееваның денесі ауылдасының ауласынан табылды. Марқұмның туыстары оның денесінің бірнеше жері көгергенін және зорлану белгілері болғанын айтады. Бұл қылмысты бір адам істегеніне сенбейтінін айтқан отбасы, күдіктінің серіктерін табуды талап етіп отыр. Полиция оқиғаға қатысты «Адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғаған. Күдікті ретінде ауыл азаматы ұсталып, қамауға алынған. Редакцияның пікірі автордың пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін / Мнение редакции может не совпадать с мнением автора. Басқа жаңалықтар: https://kz.otyrar.kz
Еще новости: https://otyrar.kz