Бозарық білім ошағына зәру
Шымкент қаласында 3 ауысымда білім беретін 7 мектеп бар. Солардың бірі, №57 жалпы орта мектебі. Ондағы 350 орындық жалдамалы ғимаратта 1016 бала үш ауысымда қысыла-қымтырыла білім алып жатыр. 2009 жылдан бері жаңа мектеп салынады деп жоспарланғанымен, әлі күнге дейін қазығы қағылмай келеді. Бозарықтық ағайынды мектептен өзге де мәселелер толғандырады. Толығырақ тілші әңгімелейді.