G
enby!

Алматыда полиция «Кар Сити» аумағында бақылауды күшейтті

Алматыда полиция «Кар Сити» аумағында бақылауды күшейтті «Заң және тәртіп» қағидаты және Профилактика жылы аясында Әуезов ауданының полицейлері «Кар Сити» сауда орталығы аумағында жергілікті рейдтік іс-шара өткізді. Рейд барысында рұқсат етілмеген сауда жасау, азаматтарға тиісіп мазасын алу, жұмыс орындарында және техникалық қызмет көрсету станцияларында темекі шегу, қоқыс пен автокөлік бөлшектерін рұқсат етілмеген жерлерде сақтау деректері анықталды. Сондай-ақ, алкогольді ішімдіктер ішу және ұсақ бұзақылық әрекеттерінің жолы кесілді. Әкімшілік жауапкершілікке 38 адам тартылды. Полицияға жедел есепке алынған 39 адам жеткізілді, олардың арасында төртеуі — шетел азаматтары, сондай-ақ ата-анасының рұқсатынсыз жұмыс істеген кәмелетке толмағандар бар. Көлік құралдарын рұқсат етілмеген жерлерге қойып кеткені үшін 27 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, 9 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. «Профилактика жылы – бұл тек жоспарлы жұмыс қана емес, сонымен қатар тәртіптің сақталуын тұрақты бақылау. Алматы полициясы көшелерде, халық көп жиналатын жерлерде және тұрғын аудандарда қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз ету үшін күн сайын шаралар қабылдайды. Кез келген құқықбұзушылыққа жол берілмейді, ал кінәлілер жауапқа тартылатын болады», – деді, Әуезов аудандық полиция Басқармасының бастығы Данияр Мендебаев. Рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жалғасатын болады. —————————————————— В Алматы полиция усилила контроль на территории «Кар Сити» В рамках принципа «Закон и порядок» и Года профилактики полицейские Ауэзовского района провели локальную отработку на территории торгового центра «Кар Сити». В ходе рейда выявлены факты стихийной торговли, назойливого приставания к гражданам, курения на рабочих местах и на территории станций техобслуживания, складирования мусора и автозапчастей в неположенных местах. Также пресечено распитие алкогольных напитков и мелкое хулиганство. К административной ответственности привлечены 38 человек. В полицию доставлены 39 лиц, представляющих оперативный интерес, среди них - четверо иностранных граждан, а также несовершеннолетние, работавшие без разрешения родителей. За остановку транспорта в неположенных местах к ответственности привлечены 27 водителей, 9 автомобилей водворены на специализированную стоянку. «Год профилактики - это не только плановая работа, но и постоянный контроль за соблюдением порядка. Полиция Алматы ежедневно принимает меры, чтобы на улицах, в местах массового скопления людей и в жилых районах было безопасно и комфортно. Любые нарушения будут пресекаться, а виновные - привлечены к ответственности», - резюмировал начальник Управления полиции Ауэзовского района Данияр Мендебаев. Рейдовые мероприятия будут продолжаться на регулярной основе.

Смотрите также