АЙМАҚ МЕРЕЙІН ҮСТЕМ ЕТКЕН ӨНЕРПАЗДАР
Өнер әлемінен қуанышты ақпарат. 14-18 тамыз күндері Ақтау қаласы түркі дүниесінің өнер мен мәдениетке толы ордасына айналды. 2025 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы атанған жағалаулы қалада 500-ге жуық өнерлі бала бас қосып, «Өнерлі өрен» халықаралық балалар шығармашылық фестивалі өтті. Бұл шараға түркі елдерінің түкпір-түкпірінен келген жас өнерпаздар қатысып, өз елдерінің дәстүрін, мәдениетін, өнерін паш етті.Мәртебелі фестивальде Қызылорда облысының намысын қорғаған «Арайлы би» ансамблі жеңіс тұғыран көрінді. #кызылорда #2025 #qtvnewskzo