Көкжиекке лақтырылған дене есептері Задачи на движение тел брошеннного к горизонту под углом
Сәлем бәріңізге. Бұл видео сабақта біздер алдыңғы екі сабақта өткен білімдерімізді пайдаланып, есептеулер жүргіземіз. Көкжиекке лақтырылған дененің қозғалысын зерттеу барысында шыққан есеп мәндерінің дұрыс екенін дәлелдейміз. Біз бұл сабақ үшін phet.colorado.edu сайтының симуляциясын қолдандық. Үйге тапсырма: Дене көкжиекке қандайда бір биіктіктен лақтырылды. Осы дененің 5 с кейінгі жылдамдығы еркін түсу үдеуіне 45 градус бұрыш құраған болса, онда ол жылдамдықтың мәні нешеге тең? Уақыттың қандай мәнінде дененің жылдамдығы оның бастапқы жылдамдығынан екі есе үлкен болады?