Өскеменде көмір тасымалдау көлемі артты
Өскеменге аптасына 20 вагон көмір жеткізіліп жатыр. Отын тапшылығын болдырмау үшін тасымалдау көлемін ұлғайту туралы шешім қабылданды. Бұған дейін қала тұрғындары көмір жетпей жатыр деп шағымданған еді. Қазір қоймаларда 5 мың тонна көмір бар-дейді сала мамандары. Қалада қатты отын пайдаланатын 40 мың тұтынушы тіркелген. Жылыту маусымында 150 мың тоннадан астам көмір қажет. Өскеменге Ұлан және Глубокое аудандарынан келіп көмір алатындар бар. Қазір тоннасы 17 мыңнан сатылып жатыр, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар үшін 16 мың теңге деп бекітілді. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24
Смотрите также
