Неліктен Сұлтан Бейбарыс басқарған кезең «Египеттің алтын дәуірі» аталды?
Бабалар ізімен №17 Сұлтан Бейбарыс басқарған кезеңнің «Египеттің алтын дәуірі» аталуына қандай деректер айғақ? Қағбаға жабылатын қара жібек матаны ауыстыру мәртебесін атқару неліктен қыпшақтарға тапсырылды? Төрт мәзһаб бойынша ілім беретін ілгері оқу орны – «әл-Азһарды» қайтадан ашқан қай бабамыз? Жаңа да осында. Көне де осында. Африка құрлығындағы ең үлкен әрі ең ескі базар – Хан эль-Халили. Мұнда келсеңіз, нағыз Мысыр атмосферасын сезінесіз. Ал осыдан 7 ғасырдай уақыт кейін шегінсеңіз, бұл жерден қазақы иіс аңқып тұратын тәрізді... Тарихшылардың айтуынша: сұлтан Бейбарыс бастаған қыпшақ мәмлүктерінің заманында Египеттің көшелерінде қазы-қарта мен қымыз сынды қазақтың ұлттық тағамдары сатылып, Нілдің жасыл желекті жағалауында төрт түлікті төлдеткен екен. Тіпті Хеопс пирамидасының ұшар басынан да – Ұлы даланың ұлы туындысы «мен мұндалаған» деседі. Батыр бабамызға қатысты ақпараттардың ақ-қарасын «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясы анықтауға тырысты. Сұлтан Бейбарыстың пирамиданың үстіне киіз үй орнатқандағы арғы ойы не? Оның астарында – төл құндылықты төрге оздырудан да артық мұрат аңдағайлайтын тәрізді. Сұлтан Бейбарыстың тұсында Ислам діні қарқынды түрде қанат жайған. Ал пирамида дегенің – көп сенімнің көрінісі. Мұның, яғни өздерін құдірет иесі Құдай санаған перғауындардың – бұқара санасын бұлыңғыр еткені де жасырын емес. Осындай себептерге байланысты болар... «Алладан басқа Жаратушы жоқтығына» сенімі кәміл сұлтан Бейбарыстың өз ордасын перғауындардан биік қоюы. Толығырақ: https://kazakh-tv.kz/kz/programms/vie...