Абдрахманова Зухра. Бала өз жанұясында зорлық-зомбылықтан зардап шегетінін қалай анықтауға болады
Психолог, «Life» психологиялық орталығының директоры, бұл орталықта оқулық модульдер, психолог-мамандарға арналған сертификациялық циклдар, сонымен қатар жалпы халыққа арналған психология бойынша фестивальдар және марафондар өткізіледі. Балалардың жас кезіндегі дамуы бойынша мамандарды үйрету бойынша оқытушылардың оқытушысы (Питтсбург университеті, 2018 жыл), АРТ-терапия бойынша сертификатталған маман (Новосібір клиникалық психология университеті), педагогика және психология магистрі. Бала өз жанұясында зорлық-зомбылықтан зардап шегетінін қалай анықтауға болатынын, оған қандай көмек көрсету керек екендігін, сонымен қатар жанұяда өзінен жасы жоғары ағаларымен апайлары жағынан көрсетілетін зорлық-зомбылық кезінде не істеуге керектігі жайында ақпарат беріледі. Вебинар, өз еңбек жолдарын енді бастап келе жатқан әлеуметтік салада жұмыс атқаратын (мұғалімдер, әлеуметтік жұмысшылар, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы психологтар, кәмәлеттік жасқа толмағандар ісі бойынша учаскелік испекторлар) жас мамандар үшін, сонымен қатар жас отбасылар және осы сұрақтарға қызығушылық танытатын барлық адамдарға қызықты болады. 2 вебинар бойынша сұрақтар: 1. Бала жанұяда әкесі, ағалары немесе туыстарының қайсысы жағынан зорлық көретінін қалай білуге болады? 2. Бала жанұяда зорлықтан зардап шегеді деп, қандай ұйымдарға айтуға болады? 3. Жанұяда зорлықтан зардап шегетін балаға көмек көрсету үшін, ересек адам қандай іс-әрекеттер қолдану қажет? #onege2019 #семейнаяакадемия #жанұядағызорлықзомбылық