Парламент Мәжілісінің депутатымен жүздесу
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Болат Керімбек Сарыөзек гарнизонында орналасқан әскери бөлімдерге жұмыс сапарымен келді. Депутат сапар барысында алдымен сарбаздардың тұрмыстық үй-жайларын аралап, проблемалық сұрақтарына көңіл аударды. Сонымен қатар казармалар ішіндегі жеке құрамның жабдықтарын қарап өтті. Әскерилердің жауынгерлік әзірлігімен, және олардың үй-жайлары, тұрмыс-тіршілігімен жақын танысты. Сарбаздар асханасына барып тағамның нормаларымен танысты. Гарнизонның жеке құрамымен кездесу өткізді. Ол қазақстандық патриотизм, ерлік пен батылдық, отан қорғау, ар-намыс, адалдық, елге қызмет ету тақырыбында сөз қозғап, сарбаздарды ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды қастерлей білетін танымы терең, тәрбиелі азамат болып өсуге, еліміздің нағыз патриоты болуға шақырды. Депутат Мажилиса Парламента Республики Казахстан Болат Керимбек прибыл с рабочей поездкой в воинские части, дислоцированные в Сарыозекском гарнизоне. В ходе поездки депутат осмотрел бытовые помещения солдат и обратил внимание на проблемные вопросы. Также осмотрели оборудование личного состава внутри казарм. Ознакомился с боевой готовностью военнослужащих, их помещениями, бытом. Он посетил солдатскую столовую и ознакомился с нормами питания. Провел встречу с личным составом гарнизона. Он затронул темы казахстанского патриотизма, мужества и отваги, защиты Родины, чести, честности, служения Родине, призвал солдат вырасти воспитанным гражданином, ценящим национальные и общечеловеческие ценности, стать настоящим патриотом страны.