G
enby!

Адай жылқысы асыл тұқымды жануар мәртебесін алуы мүмкін

Адай жылқысы асыл тұқымды жануар мәртебесін алуы мүмкін. Осыған орай Жаңаөзенде ұзақ қашықтықтағы халықаралық ат жарысы өтті. Сәйгүліктердің шабысын халықаралық ат спорты федерациясының төрешілері бақылады. Себебі, мұнайлы өлкенің арғымақтары асыл тұқымдылардың тізіміне ену үшін түрлі тексерістен өтіп, шетелдік сарапшылардың мақұлдауын алуы тиіс. Жарысқа Біріккен Араб Әмірліктерінен, Алматы мен Семей қалаларынан шабандоздар қатысып, Адай жылқысының шабысын сынап көрді. «Көк жебе» лақап атымен танымал тұлпардың жүрегі минутына 64 соққыдан аспай әрі жарақат алмай, межеге ең аз уақытта жетті. 31 сәйгүлік қатар шапқан жарыста Адай тұқымды "Көк жебе" 100 шақырымды 4 сағат 48 минут 36 секундта бағындырған. НАТАЛЬЯ ДОЛГИХ, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері: – Адай жылқысы өте шыдамды болады. Олар ұзақ шақырымды бәйгелер үшін жаралғандай. Ал бүгінгі жарыс жоғары деңгейде өтті. Жылқылардың орташа жылдамдығы өте жақсы болды. Халықаралық сарапшылар Адай жылқысына оң баға беріп, олардың төзімділігіне тәнті болды. Ал облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Адай жылқысын ұлттық брендке айналдыру үшін күш-жігерін аямайтынын айтады. Оның сөзінше, мұндай іс-шаралар төзімді жылқы тұқымын танымал етуге ықпал етеді. НҰРЛАН НОҒАЕВ, Маңғыстау облысының әкімі: – Бұл шараға біз көп жылдар бойы ұмтылдық. Бірақ міне реті қазір келіп отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес осы жылдың аяғына дейін барлық қажетті шараларды өткізуіміз керек. Рет-ретімен келе жатырмыз. Айта кетейік, былтыр Маңғыстау облысының «Көкмойнақ» командасы «Ұлы Дала жорығы» республикалық марафонында адай жылқысымен 1200 шақырым жүріп өтіп, бірінші орынды иеленген еді. Биыл да осы марафонда Адай жылқысын тізгіндеген маңғыстаулық шабандоз Астанадан Түркістанға дейін 1300 шақырымды небәрі 98 сағат 44 минут 47 секундта бір атпен жүріп өтіп, рекорд орнатты. Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31 Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31 #News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Смотрите также