G
enby!

Пряники домашние #пряники

Пряники домашние! Ингредиенты: Мука- 500+100/150гр., Сахар-250гр., Сливочное масло-180 гр., Сметана любой жирности-4-5 ст.л., Яйца-2+3 желтка, Разрыхлитель-1 пачка(10гр.), Ванилин-1 пачка, Соль-0,5 ч.л. Белковая глазурь: Белок - 3 яиц, Сахар-150 гр., Лимонная кислота- щепотка Приятного аппетита! Үй жағдайында піскен пряник! Құрамы: Ұн-500+100/150гр., Қант- 250 гр., Сары май-180 гр., Сметана кез келген %-4-5 ас қасық, Жұмыртқа-2+3 сарысы, Разрыхлитель-1 пачка(10 гр.), Ванилин- 1 пачка, Тұз-0,5 шәй қасық Белок глазурі: Ақуыз - 3 жұмыртқаның, Қант- 150 гр., Лимон қышқылы- шымшым Дайындалуы: Үлкенірек ыдысқа үй температурасындағы сары май, сметана, қант, тұз, ванилин, жұмыртқа салып венчикпен жақсылап қант пен тұз ерігенше араластырып аламыз, содан соң разрыхлитель мен алдын ала еленген ұнды үш бөліп салып араластырып жұмсақ қамыр илейміз. Мен жоғары сұрыпты ұн алдым, бірінші сұрып ұны да жарай береді. Ұнның бәрін бірден салып жібермеңіз, қамыр қатты болып кетуі мүмкін, аз-аздан салып илейсіз, егер қамыр қолға жабысып тым жұмсақ болса, аздап тағы да ұн қосып қолға жабыспайтындай етіп илейсіз де целлофанға салып 30-35 минутқа холодильникке салып қоясыз. Енді глазурь дайындаймыз: Ол үшін водяная баня жасаймыз- шағын кастрюляға су құйып қатты отқа қойып қайнатып қоясыз, шағындау ыдысқа жұмыртқаның ақуызын, қант пен лимон қышқылын салып қайнап тұрған кастрюляның үстіне қойып венчикпен 5-6 минуттай үзбей алаластырып, одан алып видеода көрсетілгендей миксермен әбден ағарып қою болғанша взбивать етесіз, глазурь дайыг, енді бетін жауып холодильнике қоясыз. Лимон қышқылын салмасаңыз да болады. Холодильниктегі қамырды алып қалыңдығын 1-2 см етіп жаямыз, духовканы 180 градусқа қосып қою керек осы тұста. Шағын стаканмен немесе қолда бар формочкамен жайылған қамырды домалақтап кесіп дайындап алғаннан кейін противеньге пергамент қағазын жайып пряниктерімізді салып духовкаға 25-30 минутқа қойып пісіріп аламыз. Бірақ өз духовкаңызға қарап пісіресіз және тым ұзақ духовкада ұстамаңыз, қатып кетуі ықтимал. Пергамент сапасы қамыр жабысып қалмас үшін жақсы болуы керек, силиконизированный пергамен алсаңыз жақсы. Пісіріп, суытып алған пряниктерді үлкенірек ыдысқа салып үстіне глазурь салып жақсылап ақырын араластырып аламыз да пергамент бетіне глазурь әбден кепкенше жайып қоямыз. Әрине пряниктің үй жағдайында дайындайтын рецепті өте көп, мен отбасыма осылай дайындаймын, сіздер менің рецептіммен дайындап көріңіздер, өте жұмсақ, әрі дәмді болады. Ас болсын!

Смотрите также