Қазақстан-Қытай: Мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық артты
«Қазақстан-Қытай құбыры» серіктестігі 20 жылдан аса уақыт ішінде ел бюджетіне 140 млрд теңге салық төлеген. Компания «Атасу – Алашанькоу» мен «Кеңқияқ-Құмкөл» мұнай құбырларын жобалаумен айналысып, құрылысын жүргізді. Магистральді мұнай құбыры арқылы қара алтынның қауіпсіз және үздіксіз тасымалын қамтамасыз етеді. Осы уақыт ішінде бірлескен кәсіпорын елеулі табысқа қол жеткізді. Соның нәтижесінде серіктестік былтыр ұзақ жылға берілген несиені мерзімінен бұрын толық төлеп тастады. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24