«Мен Қазақстанды жақсы көремін» - Эмманюэль Макрон | Jibek Joly news
Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы алаңында Эмманюэль Макронмен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйін талқылады. Франция Қазақстанның Еуропа Одағындағы басты әрі сенімді серіктесі саналады. Президенттер осыған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтар жөнінде айтып, соның ішінде энергетика, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау бағыттарында айтарлықтай табысты жұмыс жүріп жатқанына тоқталды. Мәдени-гуманитарлық байланыстар да жемісті жүруде. Қазақстан мен Франция президенттері жаһандық өзекті тақырып - геосаяси мәселелер жөнінде пікір алмасты. Кездесу аяқталған соң Эмманюэль Макрон Silk Way телеарнасына эксклюзивті сұхбат беріп, «Мен Қазақстанды жақсы көремін», - деді. «Jibek Joly» телеарнасы ұсынады! Теледидардан 7-ші батырманы қосуды ұмытпа! Бізді Youtube, әлеуметтік желілерден көріңіздер. Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар! Jibek Joly TV: Смотрите нас на ТВ, в Youtube и социальных сетях. Оставляйте комментарии под этим видео! Watch us on satellite TV, Youtube and social networks. Leave your comments under this video! #JIBEKJOLYNEWS #Басты Жаңалықтар #НовостиКазахстана