G
enby!

Ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландырудың жаңа бағдарламасы іске қосылды

«Қазақстанда жасалған» ауыл шаруашылығы техникасын қаржыландырудың жеңілдетілген бағдарламасы іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24». «ҚазАгро» холдингі техникасын жаңартқысы келетін фермерлерге жеңілдік ұсынды. Шаруаларға қаржы жылдық 6% мөлшерлемесімен, 10 жылға және 1 жылға дейін лизингтік төлемдер бойынша жеңілдікпен беріледі. Инвестициялық субсидия түріндегі қолдаудың арқасында алғашқы жарна төленбейді және кепілсіз беріледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке төтенше жағдай кезінде шағын және орта бизнесті қолдауды тапсырды. Осыған орай осы жылдың 1 сәуірінен бастап «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерді қолдау мақсатында техника мен көлік құралдарын қаржыландырудың «Қазақстанда жасалған» атты арнайы жеңілдетілген бағдарламаны іске қосты. «Хабар 24» арнасына жазылыңыздар: http://bit.ly/31WnObW
Біздің сайт - https://24.kz
Facebook -   / tvkhabar24   Instagram -   / tvkhabar24   Telegram - https://t.me/tvkhabar24
Twitter -   / tvkhabar24   Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24

Смотрите также