Ресейде мектептердің бірінің жанында аю әйел адамға тап берген
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Ресейде сұмдық жағдай. Петропавлск-Камчатск қаласындағы мектептердің бірінің жанында аю әйел адамға тап берген. Жыртқыш салған жарақатының ауырлығы сондай - жәбірленуші дереу ауруханаға жеткізілгенімен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Бұл жалғыз оқиға емес. Сол күні аю бірнеше рет адамдарға қауіп төндірген. Алдымен ол алтыншы сынып оқушысының алдынан шығып, зересін ұшырған. Қорқып қаша жөнелген бала тайып жығылып, жеңіл жарақат алған. Көшедегі бейнебақылау камерасына түсірілген тағы бір жазбадан жыртқыштың автотұрақта жүрген ер адамға тап бергенін көруге болады. Абырой болғанда ол көліктің ішіне кіріп үлгерген. Алайда аю темір тұлпарға зақым келтірген. Жедел қызмет өкілдері оқиға орнына тез жетіп, қауіпті аңды атты. Ал қала билігі тұрғындарды аса сақ болуға шақырып отыр. ------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы - • Перизат Қайрат соты Ақтаудағы ұшақ апаты - • Ақтаудағы ұшақ апаты Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық