Жігер Ауыпбаев, Гүлнұр Оразымбетова - Өзің ғана | Jibek Joly music
Әннің аты: "Өзің ғана" Әннің авторы: Халықберген Әбілжанов Сөзінің авторы: Исраил Сапарбаев Орындаған: Гүлнұр Оразымбетова мен Жігер Ауыпбаев Әлемге алтын нұрдай таратылған Сен - жарық күнімсің, жаңа туған Аққудың қанатынан жаратылған Аруым сенсің, жарығым Мәңгілік арман Махаббаттың әсем әні бар Асқардағы шынарым - өзіңсің Аспандағы шырағым - өзіңсің Сенбісің жастықтың алауы Аялаған арманым - өзіңсің Саялаған орманым - өзіңсің Жапырақ - жанымның жалауы Жан жүрегімнің қалауы - өзің ғана Ақ тілек махаббатсыз арман қайда Ән ерке сезіммен жалғанбай ма? Жаратқан екеумізге жар болмай ма Жанымда жүрші, жарығым Мәңгілік арман Махаббаттың әсем әні бар Асқардағы шынарым - өзіңсің Аспандағы шырағым - өзіңсің Сенбісің жастықтың алауы Аялаған арманым - өзіңсің Саялаған орманым - өзіңсің Жапырақ - жанымның жалауы Жан жүрегімнің қалауы - өзің ғана Асқардағы шынарым - өзіңсің Аспандағы шырағым - өзіңсің Сенбісің жастықтың алауы Аялаған арманым - өзіңсің Саялаған орманым - өзіңсің Жапырақ - жанымның жалауы Жан жүрегімнің қалауы - өзің ғана Өзің ғана #jibekjolymusic #ЖігерАуыпбаев #ГүлнұрОразымбетова