"Дін әлеуметтануы" курсы. 1-дәріс | Дін әлеуметтануы - әлеуметтанудың бір саласы
Дін әлеуметтануы ХІХ ғ. екінші жартысынан бастап қалыптасқан әлеуметтанудың бір бағыты ретінде осы ғылымның әдіс-тәсілдерін қолданады. Дінді әлеуметтану тұрғысынан қарастыру дінді жоққа шығару немесе оны мадақтау, ақтап алу сияқты міндеттерді алдына қоймайды. Қоғамдағы әр түрлі діни топтар мен ұйымдар, діни мінез-құлық, діни сана, діни қарым-қатынастар, т.б. осындай эмпирикалық әдіс-тәсілдер негізінде зерделеуге болатын құбылыстар мен процесстер дін әлеуметтануының зерттеу пәні болып табылады. Осы дәрісте дін әлеуметтануының түрлі теориялары мен бағыттарына тоқталып, сол теория өкілдерінің ой-түйіндері туралы ой қозғалады