G
enby!

ДЕНСАУЛЫҚ ДҰҒАСЫ #құран

Құран Кәрімде және Пайғамбарымыздың хадистерінде түрлі дерттерге қарсы оқылатын көптеген дұғалар бар. Бірақ оларды көпшілік біле бермейді. Бәрі жатқа білетін, алайда қасиетін толық біле бірмейтін ең жақсы бір дұға бар. Ол «Фатиха» сүресі. Қамтыған мазмұны мен ерекшелігіне қатысты Фатиха сүресінің «Уммул-китаб, Фатихатул-китаб, әл- Кәнз, ас-Соля» т.б. деген секілді бірнеше атаулары бар. Құранның өзі адамның материалдық әрі рухани кеселдерiнiң бәріне толықтай шипа болса, «Фатиха» сүресі «Уммул-китаб», яғни Құранның анасы, негізі. «Фатиха» сүресінің атауларының бірі «әш-Шафия», ЯҒНИ дерттерге шипа беруші. Фатиханың шипалық қасиетіне қатысты Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде: «Фатиха – барлық дертке шипа», - десе (Дарими, Фадлул-Қуран, 12), басқа бір хадисінде: «Фатиха сүресі - кәріліктен басқа барша дертке шипа»,- деген.    • Тырнағыңызда ақ дақ болса 

Смотрите также