G
enby!

Домбыра.Сөзі:Қанипа Бұғыбаева. Әні:Арыстанбек Какиев.

Домбыра. Сөзі: Қанипа Бұғыбаева. Әні: Арыстанбек Какиев. 1.Сөйле, қоңыр домбырам, Сөйлеші бір шешіліп. Айтсам деймін мен бір ән, Жүргендеймін кешігіп. Күй арқылы құбылдым, Қоңыр үнмен жуындым. Жан серігі болдың сен Ата-бабам ұлымның! 2.Өмір неткен кең еді, Жыр боп түске енеді. Домбыра десе көзіме Құрманғазы келеді! Жан-жүрегім дүбірлеп, Құлағыма бір үн кеп, Түсінемін мен бүгін Домбыраны ұлым деп. 3.Біреулерді тұсаған, Күймен көкке ұша алам. Бір әуенге еркелеп, Бір әуеннен күш алам. Айтсам деп ем мен бір ән, Ойды оятшы қалғыған, Бабам сүйген домбырам, Балам сүйген домбырам!

Смотрите также