Мұзтаудың құпиясы неде? | Таңғажайып табиғат
                        
                        Басын қар шалған, мәңгі мұздықтар мекені Мұзтау Қазақстан мен Ресейдің шекарасында орналасқан. Қытай мен Моңғолия қол созым жерде тұр. Шығыс және Батыс Мұзтау мен Делоне шыңдарын қосатын тау массиві Мұзтаудың негізін құрайды. Қойнауы аңыз бен тарихқа толы Мұзтау киелі орындардың бірі.  Ал Алтайдың теріскейін мекендейтін ежелгі славяндар Мұзтауды «Белуха» деп атайды. Бұл «Белый» сөзінен шыққан, басындағы мұздықтар мен ерімейтін қарларға қарай қойылған деген қате ұғым бар. Негізі Белуха атауы таудан ағатын мөлдір суларға байланысты «Беловодье» сөзінің қысқартуынан шыққан-мыс. Алтайға қоныс аударған алғашқы ортодоксальды христиан өкілдері (староверы) жұмақтың жердегі бөлшегі – «Беловодье» осы Мұзтаудың ішінде жасырылған деп сенген. Бажовтың ертегілерінде жазылған «таудан аққан сүт тәрізді өзендер» осы Мұзтаудың тау бұлақтарына қарап шыққан екен.  Барлық құқықтар қорғалған. EL.KZ белсенді сілтемені пайдаланыңыз: https://el.kz/news/sakral_nii_kazahst...
 0:20 - аман-есен жер басып жүргенде, Мұзтауды көріп қалайық. 1:05 - Тікұшақпен саяхат жасау үшін біраз шығындануға тура келеді 2:10 - Міне, Батыс Алтайдың төбесінде ұшып барамыз. 5:15 - Холзун – Батыс Алтайдағы ең биік жота 7:00 - «Патшалар алқабы» 11:55 - Жылы көл 12:20 - Muztau! Uch-Sumer! Belukha! Kadyn-Bazhy! 14:50 - Рерихтің тасы   Jibek Joly TV: бізді спутниктік арна арқылы және Youtube, әлеуметтік желілерден көріңіздер. Видео астында пікір қалдыруды ұмытпаңыздар!  Біздің басты шоуларды көріңіз:  Жаңа түнгі студия:    • «Жаңа түнгі студияда» Нұрлан Қоянбаевпен    Ақорда LIVE:    • Ақорда Live    Ләйлә Сұлтанқызымен сұбат:    • Ләйлә Сұлтанқызымен «Сұхбат»    #jibekjolytv #Сынақ  #Мұзтау    
                    
                    
 
  
             
  
             
  
             
  
             
  
             
  
            