Қазақтар қырғыздарды қызғанады
Қырғызстанда саяси толқулар болса қазақ неге кекетеді, Минск пен Бішкектегі митингілер Нұр-Сұлтанға жете ме, президент Тоқаев саяси реформалар жасай ма, Ресей Қазақстанға басқыншылық жасауы мүмкін бе – осының барлығы «Тілеуханұлымен сұхбат» бағдарламасында. Әзімбай Бейсетбайұлы Ғали 1952 жылы 5 қыркүйекте Алматы облысы Сарқанд ауданы Бақалы ауылында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институтын, Қазақстан Ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтының аспирантурасын тәмәмдаған. Белгілі саясаттанушы ғалым, тарих ғылымының докторы, профессор, ҚР әлеуметтік ғылымдар Академиясының корреспондент-мүшесі.