Сырдария мен Әмударияның суы азаяды
Енді үш жылда Әму мен Сырдың суы 15-20 пайызға азаяды. Себебі сол жылы Ауғанстан «Куштепа» каналын іске қосады. Тәліптер жобаны 2021 жылы бастады. Қазір құрылыс жұмыстары қызу жүріп жатыр. Бұны неге айтып отыр дейсіздер. Өйткені каналдың табаны бетондалмайды. Бұл судың көп бөлігі барар жеріне жетпейді, босқа жерге сіңіп рәсуа болады. Оның үстіне тәліптер жоғарыдан келетін судың бір бөілгін жырып әкеткен соң, төмендегі теңіз, көлдерге келетін су азаяды. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24