"Алаштың қызы Ақұштап" деректі фильмі. (16.12.2024)
«АЛАШТЫҢ ҚЫЗЫ АҚҰШТАП» ДЕРЕКТІ ФИЛЬМІ Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Отан» орденінің, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм. Жанры: Портреттік, танымдық, деректі «Алаштың қызы Ақұштап» деректі фильмі ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған. Бұл туындыда қаламгердің балалық шағы, өскен ортасы, ақындық жолы, шығармашылық даму даңғылы, қайраткерлік қыры, әйел, ақын, ана ретіндегі тұлғасы қамтылады. Бала Ақұштаптан ел анасына айналған ақын ғұмыры фильмге арқау болды. Ақынның поэзияға алып келген басты жаңалығы – нәзік, сыршыл лиризмге, азаматтық ұстанымын қабыстырып, ұлттық тәрбиені насихаттауы. Ол қазақ поэзиясына өзіндік үнімен келіп, ұлт ақынына айналды. Бала болып кетіп, туған жеріне дана болып оралған ол Жайығын жырлаудан танған емес. Сондықтан да «Ақ жайықтың ақшағаласы» атанды. Туындыда қаламгердің қайраткерлік қыры да кеңінен тарқатылды. Фильм, басты кейіпкер Ақұштап Бақтыгерееваның өзінің естеліктері мен әдебиетте ақынмен қатар жүрген замандас қаламдастарының, қанаттас інілерінің сұхбаттарымен өрілді. Сайт - https://aqjaiyqtv.kz/kz
Facebook - / aqjaiyq Instagram - / aqjaiyq Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaq...
Google Play - https://play.google.com/store/apps/de...
Kinomax мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/kinom...
Google Play -https://play.google.com/store/apps/de...
aqjai'yq телеарнасы