«Оқуды үйрету: XXI ғасыр оқушысының дағдыларын қалыптастыру» курсының промо-видеосы
«Оқуды үйрету: XXI ғасыр оқушысының дағдыларын қалыптастыру» біліктілікті арттыру курсы — оқу қызметінің нейропсихологиялық негіздерін заманауи педагогикалық технологиялар және цифрлық құралдармен ұштастыратын әдістемелік-практикалық курс. Курс педагогтардың оқушыларда өз бетінше, саналы және уәжделген (мотивацияланған) оқуға бейімділігін қалыптастыруға қажетті кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған. Курста ғылыми негізделген келесі тәсілдер интеграцияланған: метатаным, өзін-өзі реттеу, өсуге бағытталған ойлау, цифрлық сауаттылық және рефлексивті практика. Бағдарлама халықаралық модельдерге (Learning How to Learn, Visible Learning, Growth Mindset) негізделген және олар Қазақстан жағдайына бейімделген. Сонымен қатар, бағдарлама Қазақстан Республикасының 2023–2029 жылдарға арналған білім беруді дамыту тұжырымдамасына, «Педагог мәртебесі туралы» Заңына және халықаралық ұсынымдарға (ЮНЕСКО SDG 4.7, OECD 2030 Skills) сүйеніп жасалған.