G
enby!

ӨЛКЕГЕ САЯХАТ

Кешегі демалыста (12.05.2019) Жаңаөзен қаласынан ағам Ықылас пен інім Асхаттың отбасыларымен Шақпақ ата, Қапамсай, Сұлтан үпі, Тамшалыға баруға жол түсті. Олар алдымен Ақмыш, Шерқала, Самал, Айрақтыға барып, екінші күні менің отбасыммен бірге жоғарыда айтып өткен жерлерге бірге саяхаттады. "Оразамыз" деп салулы төсек, салқын үйде жатып алмай, балалары елі мен жерін танысын деп ниет етіп жолға шыққан екен. "Шетелдерге шапқылап жүргендер осындай тамаша табиғатымыздың қадірін білу былай тұрсын, мұндай жұмақ жеріміз барын біле ме екен?" - деп бәрі тамсанумен болды. Демалыстың рахатын айтпағанда, туған өлкеңді танып-біліп жүргенге не жетсін?! Сол сапарымыздан естен кетпестей естелік ретінде түсірілген бейнеролик ұсынамын. Біздер сияқты орнымызда сіздер де болуыңыз мүмкін.) Хабарласыңыздар!

Смотрите также