G
enby!

ТӘРТІП ОРНАТҚАН ПОЛКОВНИКТІ ЖҰМЫСТАН ҚУҒАН.

2016 жылдың 13 желтоқсанында Жамбыл облысы Ішкі істер Департаментінің бастығының № 257 ж/қ бұйрығымен Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов аудандық ІІБ бастығы лауазымында қызмет атқарып отырған полиция полковнигі Сейтжан Ушкемпирович Мыркалыков ішкі істер органынан жұмыстан шығарылған. Қазақстан Республикасы Ішкі істер органында күнтізбелік 34 жыл 3 ай 12 күн, ал жеңілдетілген есеппен 35 жыл 5 ай 1 күн еңбек сіңірген, полиция полковнигі шеніне жеткен С.У.Мыркалыков өзін ішкі істер органынан заңсыз шығарылғандығын айтып отыр.ІІМ-нен келген комиссия мүшелері тексерген 2014-2015 жылдарында ол Т.Рысқұлов аудандық ІІБ-де мүлдем қызмет атқармаса да, аудандық бөлімді енді қабылдап жатқанына және 2016 жылдың 14 мамырында өткізілген Жамбыл облысы ІІД органдары мен бөлімшелерінің жедел-қызметтік жұмысын ҚР ІІМ Комиссиясымен кешенді инспекциялау нәтижелері қаралған жедел кеңесінде С.У.Мыркалыковты тәртіптік жазаға тарту мәселесі көрсетілмегендігіне қарамай, жаңадан келген облыстық ІІД-нің бастығы Т.Маткеновтың 24.05.2016 жылғы № 334 ж/қ бұйрығымен тәртіптік жазаға тартылып, оған «сөгіс» жарияланған. Журналистік зерттеу агенттігі "Xaqmedia.kz"-87774717140

Смотрите также