ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ ТУРНИР ӨТТІ
Шымкент қаласында Кеңес Одағының Батыры Қарақозы Абдалиевті еске алуға арналған 44-ші халықаралық бокс турнирінің ашылу салтанаты өтті.Жарыс «Шымкент кәсіпқой бокс түрлері клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында ұйымдастырылды. Биылғы турнирге 5 мемлекеттен 100-ге жуық боксшы қатысты. Олардың қатарында Өзбекстан, Қырғызстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Украина және Қазақстанның талантты былғары қолғап шеберлері бар.