ӘУЛЕТТІҢ ИЕСІ / Тынымбай Нұрмағамбетов
О несі екен, қараңғы үйді басына көтеріп… Жездесінің үйіне келген бала оның төсегін бір былғамай аттанса, не болғаны? Керек болса, апаң мен жездеңді әлек-шәлек ету – міндетің… Біз де бала күнімізде талай жездеміздің көрпешесін осылай ағал-жағал етіп кеткенбіз. Осы сөзден кейін барып Молдабек жылағанын доғарып, Қыздаркүл апасы салған басқа көрпешенің үстіне жатты. Көрпесін атасы жапты. Жылағанын қойғанмен, бала көпке дейін солығын баса алмады. #аулеттин иеси #аудиокітап #әңгіме #болғаноқиға #әңгімелер #әңгімелержинағы #ангиме