Қорғанбаев Арон Ибрагимұлын Еске алу бейнефильмі
Біз Ұлы Жеңіс деп атайтын қасиетті күннің тасасында талайлардың кермек тағдыры жатыр. Бейбіт, тыныш заманда туып, оқып, қызмет етіп жетілген мына біз мұндай тым қорқынышты тағдырды өз дәрежесінде пайымдай да алмайтын шығармыз. Қан кешкен заманды көрмедік. Сол қан кешуді бастан өткергендерді көрдік, кей сөздерін естідік. Соның өзіне жанымыз түршігеді. Ал, сол тозақ өткелеңінен өткендердің өздері ше? Олардың қатарында қайсар, батыл қазақтың бірі – әкеміз Қорғанбаев Арон Ибрагимұлы, атамыз Ибрагим мен оның бауырлары да болды. Бір ұядан арыстай 5 ұл майдан даласына аттанған еді. Бұл Қорғанбай шаңырағына ғана түскен нәубет емес. Қазақ даласында боздағын майданға аттандырған әулет қаншама... #eskealu #поминки #rek #atyrau #ескеалу