Финляндия қазақстандық уранның жаңа нарығына айналуы мүмкін
Отандық уран үшін жаңа нарық. Еліміз бейбіт атом саласында алдыңғы қатарда тұрған Финляндияға өз өнімін жеткізуге дайын. Осылайша қос мемлекет ынтымақтастық аясын кеңейтуге ниетті. Осы және өзге де мәселелерді бүгін Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Финляндия президенті Александр Стубб пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев егжей-тегжейлі талқылады. Тараптар қаузаған мәселе көп. Негізгі басымдық - экономика мен цифрландыру сынды өзекті бағыттар. #Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24