Ағымдағы жылдың, 27 қыркүйек күні мектебімізде «Еңбек» күні аталып өтті.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы №698 Жарлығымен Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбі күні «Еңбек күні» мерекесі болып белгіленді. Оның негізгі мақсаттары – еңбек өнімділігін ынталандыру, қарапайым жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру және оған жастардың назарын аудару болып табылады. Осы мақсаттың негізінде мектеп директоры М.М.Сидихова және кәсіподақ төрайымы А.А.Есетова құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. Мектеп қызметкерлеріне алғыс айтып марапаттады. Оқушылар ән, тақпақтарын арнап көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Шара соңында мектеп қызметкерлеріне ақшалай сыйлық ұсынылды.
Смотрите также

