G
enby!

Шымкент мұнай өңдеу зауытында апат болып, екі жұмысшы көз жұмды

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal   --------------------------------------------- Шымкент мұнай өңдеу зауытында апат болып, екі жұмысшы көз жұмды. Өндіріс ошағында автокөтергіш аударылып, 52 және 62 жастағы азаматтар биіктен құлап кеткен. Олар жедел жәрдем қызметі келгенше жан тапсырыпты. Қайғылы оқиға 26 тамызда күндізгі уақытта тауар-шикізат цехында болған. Кәсіпорынның мәліметінше, марқұмдар арнайы техниканың көмегімен оқшаулау жұмыстарын жүргізіп жатқан. Кенет кран аударылып, екі адам ауыр жарақат алды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен жұмысшылар ауруханаға жетпей ажал құшқан. Полиция "еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан адам өліміне әкеп соғу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады. Сондай-ақ еңбек инспекциясы мен төтенше жағдайлар департаментінің мамандары арнайы комиссия құрып, апаттың себеп-салдарын анықтауға кірісті. Шымкент мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметі: Жұмысты «КРС Астана» ЖШС мердігер компаниясы жүргізген. Қаза тапқандар дәл осы компанияның кұбырлар жабындысын істейтін мамандар. Қайғылы оқиғаның себебін арнайы жұмыс тобы анықтап жатыр. Зауыт қалыпты режимде жұмысын жалғастыруда. -------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы -    • Перизат Қайрат соты   Ақтаудағы ұшақ апаты -    • Ақтаудағы ұшақ апаты   Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі   Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай   Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім   Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31    / @informburo31kanal   Informburo kz    / @informburokz2022   Facebook -   / informburo31   Instagram -   / informburo31   WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Смотрите также