Үш бақытым ( Мұкағали Мақатаев)
Ең бірінші бақытым - халқым менің Соған берем ойымның алтын кенін . Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын Қымбатырақ алтыннан нарқым менің. Ал екінші бақытым – Тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей – кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім.