Алматы мен Астанада самокаттарға қатысты полиция ауқымды рейд өткізді
БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal --------------------------------------------- Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы - • Перизат Қайрат соты Ақтаудағы ұшақ апаты - • Ақтаудағы ұшақ апаты Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше жағдай Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім Бүгінгі шығарылымда: Алматыда самокат тізгіндеген азамат өзіне ескерту жасаған ер адаммен жанжалдасып, көзін шығарып жіберген. Полиция күдіктіні қамауға алынды. Тақырыпты Аяулым Изатқызы тарқатсын Алматыда ер адам жас жігітке тротуарда самокатпен жүргені үшін ескерту жасаған. Алайда ол жауап ретінде жәбірленушінің бетіне зақым келтірпі, көзінен айырған. Полиция кінәлі тұлғаның заң аясында жауапқа тартылады деп отыр. Ал мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауынан кейін Алматы мен Астанада самокаттарға қатысты бақылау күшейтіліп, полиция ауқымды рейд өткізді. АЯУЛЫМ ИЗАТҚЫЗЫ, тілші Алматының ішінде бір тәуліктің өзінде ғана 800-ден астам заңбұзушылық тіркелген. Оның ішінде жылдамдықты асыру, бағдаршамның қызыл түсіне өту, автокөлік пен жаяу жүргіншілер жолына самокатты бейберекет қойып кету бар. Соның есебінен 290-нан астам самокат айыппұл тұрағына қойылған. Полицияның айтуынша, самокатты жалға алушылардың аты-жөні кикшерингтік компаниялардың базасында сақталады. Сондықтан алдағы уақытта ереже бұзған азаматтарға қатысты шектеу шаралары қабылдануы мүмкін. САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі: Самокатты жалға алған азаматтың аты-жөні кикшерингтік компанияның еншісінде. Компания бұл азаматқа қатысты шектеу шараларын ұйымдастырады. Самокат бермеу, ұсынбау сияқты жұмыстар жасалынуда. Сондай-ақ, күні кеше екі дөңгелекті қозғалыс құрылғысына қатысты петиция жарияланып, тұрғындар самокат жылдамдығын заңмен шектеуді талап етіп отыр. Немесе толығымен тыйым салу қажет деп санайды Қалада самокаттарға қатысты рейдтер әлі де жалғасады. Полиция департаменті қозғалыс құрылғыларына бақылау күшейтіледі деп отыр --------------------------------------------- Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз: Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар: Информбюро 31 / @informburo31kanal Informburo kz / @informburokz2022 Facebook - / informburo31 Instagram - / informburo31 WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық