АБАЙДЫҢ ЖОЛЫ. Береке Жұмақаева. «Абай шығармаларын оқыту мәселесі»
00:01:04 Абай өзі балаларын оқытып жатқан молдаларға өз шығармаларын көшіртіп, әкеліп бергендігі айтылады. 00:03:21 30-жылдар әдебиет майданында Абай шығармаларын оқытпаймыз ба оқытамыз ба, жалпы Абай бізге керек пе деген айтулы кезең болды. 00:12:07 Енді осы кезеңдерден 10-сыныптарда Абай шығармаларын монографиялық оқыту үрдісі қалыптаса бастады. 00:15:10 Абайды оқытуда белгілі бір серпін Абайдың үлкен мерейтойлары қарсаңында байқалатын сияқты. Әсіресе, Абайдың 150 жылдық мерейтойы Юнеско көлемінде аталып өтті. 00:17:19 Абай шығармаларын ЖОО-да енгізу керек. Бірақ, бұл барлық ЖОО-да бірдей еніп кете қойған жоқ. 00:22:14 Абай шығармаларын біз жаңаша зерттеп, жаңаша түсінетін уақытқа жеттік. Айтулы ғалымдар Мекемтас Мырзахметов, Тұрсын Жұртбай тағы сонымен қатар жаңаша ғалымдар тамаша пайымдауда. 00:22:30 Абай өз заманында тек ғана ескішіл байды, болысты сынады деген көзқарастан біз қайтатын уақыт келді. Абай өз заманында отаршыл Ресейдің саясатын жақсы түсінген. 00:24:03 Біз қазір Абай мәтінін түсіну үшін жасыратыны жоқ, қазаққа тілмаш болып отырмыз. 00:24:49 Кезінде Мұхтар Әуезов айтқан “Мен шөміштеп ғана алдым” Абай - телегей теңіз деген.